Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасы ММ «Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» КМҚК, 110300, Арқалық қаласы Абай даңғылы көшесі 23 үй, анықтама телефоны 8 (714 30) 7-14-62, электронды почта : This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.
Конкурс төмендегі лауазымдар бойынша өткізіледі:
Лауазым атауы: колледж әдіскері – 1 бірлік (тұрақты лауазымға)
Конкурс өткізу орны: Арқалық қаласы, Абай даңғылы көшесі 23 үй.
Конкурс өткізу күні: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары.
Бос лауазымның еңбекақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді. (В1-5 санаты)
Кәсіпорынның негізгі қызметі: техникалық және кәсіптік білім беру.
Лауазымдық міндеттері:
- білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және талдайды;
- озық педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссияларының, кафедраларының жұмысын үйлестіреді;
- оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау жұмыс құжаттамасын жасауға қатысады;
- білім беру ұйымдарының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиялары, кафедралары төрағаларының (меңгерушілерінің) жұмысын басқарады және үйлестіреді;
- педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;
- озық педагогикалық тәжірибені анықтайды және жинақтайды, оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибесін практикаға енгізеді, педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі;
- білім беру процесі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын, конференцияларды, семинарларды дайындауға және өткізуге қатысады;
- ашық сабақтар өткізуді және оларды талқылауды ұйымдастырады;
- әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді;
- белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогикалық этиканың нормалары;
оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 6 жыл; педагог-шебер үшін – 7 жыл.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатынасуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
1.Конкурсқа қатынасу туралы өтініш, осы Қағиданың 5-нысаны бойынша
2.Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынға электронды құжат (идентификация үшін)
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекенжай менбайланыс телефондары көрсетілген)
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамасымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмесі.
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Ұлтық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10.Түйіндеме
Конкурс құжаттары 2024 жыл 9 қаңтарға дейін қабылданады.
Конкурс құжаттары бойынша
Кадр бөлімінің меңгерушісі: Сейткожина Акбота Серикбаевна
8 775 967 02 88 7-14-62