"Жас Талап - 2024" байқауының үздіктері анықталды 26.01.2024 жылы. "Өнерге ден қойған жас ұрпақтың" жетістігін атап, оған ортақ болу, ілтипат білдіру - жақсылықтың нышаны. Соның бір дәлеліндей Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары әркім арқылы өнер биігіне көрініп келеді. Жас таланттардың өнерлі қадамдарын шыңдап, жаңа есімдерді жарыққа шығару мақсатында жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен "Жас Талап - 2024" дарындар додасы биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Жүзден жүйрік шыққан жас өрендер:
- хореография өнері
- вокал
- аспаптарда ойнау шеберлігі
- театрлық өнер
- авторлық ән
- авторлық өлең
- айтыскер ақындық өнері
- жүргізушілер аталымдары бойынша өзара бақ сынасты
Әр топ 25 - 30 минут көлемінде аталған номинациялар бойынша концерттік бағдарламалар көрсетіліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сайыста төрелік жасаған колледж директорының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразова Гулхашима Куандыковна, колледжіміздің психологі Нуркенова Гулмира Дауылбайқызы, және Колледж әлеуметтік педагогі Әмір Махаббат Қуандыққызы құрылған комиссия қатысты қадағалаулы әділетті бағалау арқылы, әр номинациядағы үздіктерді маратпаттап, жүзден жүйрік шыққан топтарға орындар беріліп, дипломдар берілді. Бас жүлдені ДМ - 11 тобы иеленді, жүлделі 1 - орынды ДМ - 12 тобы иеленді, ІІ - орынды Муз - 1 тобы қанжығасына табысталды, жүлделі ІІІ - орын БМ - 11 тобына бұйырылды. Қалған екі топ әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Ұлттық құндылықтарымыздың насихатталуы, өнеріміздің шаруашылығы біздің елдің дамуына зор үлес қосып жатқанына сенімдіміз. Өнер - біздің рухани қазынамыз! Талантты жас буынның талпыныстары жоғары. Алдағы уақытта биіктен көріне беруіне тілектеспін. Болашағынан зор үміт күттіретін өрендерге сәттілік серік болғай. Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы: Оразов Ниязбек Рамазанұлы.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/ru/news-ru/1698-zhas-talap-2024.html#sigFreeId11555c3051