Наш адрес Республика Казахстан Костанайская область город Аркалык проспект Абая 23 дом 8 (71430) 7-14-62 Телефон доверия: 8 (71430) 7-66-08. В общежитии КГКП «Торгайский гуманитарный колледж » Управления образования акимата Костанайской области имеются 24 свободных мест. Стоимость проживания в общежитии 12 000 т. в месяц.

 

Психология, ең алдымен, адамның өзін-өзі жақсы түсінуіне, мінез-құлқына, эмоциональді күйіне, санасының ашық болуына әсер етеді. Егер адам өз қалауын анық білсе, айналасындағы адамдарды жақсы түсінсе, ол туындаған проблемаларды сабырлы түрде, анализ жүргізу арқылы еркін шеше алады.

 

Бірақ, енді ғана дамып, қалыптасып келе жатқан  жасөпірімдер үшін шешім қабылдауда абай болған жөн. Себебі, бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен  құтылғысы келеді.  Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал, жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жасөспірім  жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе, енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осындай мінез-құлықтарды болдырмау, жасөспірімдердің бойындағы күйзелістің алдын-алу, сабаққа деген мотивациясын көтеру және психологиялық көмек көрсету мақсатында колледжімізде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылады.

 

Соның бірі колледжімізде құрылған «ТамашаLIFE» психологиялық үйірмесінің ұйымдастыруымен «Қиын болса қоңырау шал» акциясы. Акция мақсаты білім алушыларымызға Қостанай облыстық білім беру басқармасының  «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» жайлы таныстыру. Акция барысында үйірме мүшелері орталық жайлы ақпараттар көрсетілген парақшаларды білім алушыларға таратып, орталықта сенім телефоны жұмыс жасайтынын және кез-келген уақытта анонимді түрде хабарласып, білікті психолог мамандардан кеңес алуға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, қашықтықтан қалыпты өмірге сәтті бейімделуді жүзеге асыру үшін оқытушыларымызға да психологиялық кеңестер көрсетілген жадынамаларды таратты.

 

Мұндай акцияларды ұйымдастыру арқылы білім алушыларымыздың  және оқытушыларымыздың психологиялық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік аламыз.

 

Жас ұрпақ дамуында психикалық денсаулық маңызды рөл атқарады. Осы орайда балалар мен жасөспірімдердің психикалық ауытқуларының алдын алу өте маңызды. Себебі, бұл ел болашағына тікелей әсер етеді.