Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Арқалық педагогикалық училищесі Қазақ ССР Ағарту министрлігінің 1979 жылғы 17 қыркүйектегі №517 бұйрығымен ашылды.

1979 – 1988 жылдар аралығында педагогикалық училище директоры болып Игенбаев Балкен Игенбаевич қызмет атқарды.


1988-1997 жылдарда училище директоры Абдрахманова Айша Жунусовна болды.


Арқалық музыкалық училищесі 1980 жылдың қыркүйек айында ашылды.


Алғашқы директоры Ельтебаев Төкен Елтебаевич 1980 жылдан 1985 жылға дейін қызмет атқарды.


1986 - 1990 жылдар аралығында Маканов Кайыржан Байпакович училище директоры болды.


1992 - 1997 жылдарда Абенов Бораш Казбекович музыкалық училище директоры қызметін атқарды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
мамыр 1997 жылғы №814 қаулысымен Арқалық педагогикалық және музыкалық колледждерді біріктіру негізінде Торғай гуманитарлық колледжі құрылдыКолледж басшысы боп «Ы.Алтынсарин» төсбелгі иегері, ҚР білім беру үздігі, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Колдасбаева Зина Шакировна тағайындалды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 3
 наурыз 2005 жылғы №200 қаулысымен колледжге Нәзипа Құлжанова аты берілді.


2012 жылдан 2016 жылдың наурыз айына дейін колледжді Тасмағанбет Сабыржан Нұрсалиұлы басқарып келді.


2016 жылдың мамыр айынан колледжді Алматова Сандуғаш Орекенқызы басқарып келеді.


Мамандарды дайындауда жоғары білікті педагогикалық ұжым еңбек етуде. Оның ішінде колледждің ашылған күнінен жұмыс істеп келе жатқан ҚР ағарту ісі үздіктері Космухамбетова Г.С., Таскаева Л.П. және тағы басқалары, 20 жылдан артық еңбек өтілі бар жоғары санатты оқытушылар Дьячкова Г.П., Касымова К.Ж., Сарсенбаев А.С., Турганова Ж.Е., Тюрикова М.Л. және тағы басқалары.


Колледж мемлекеттік лицензияға сәйкес төмендегі техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметін атқарылуда:

-0103000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

-0103000 «Дене шыныктыру және спорт»

-0105000 «Бастауыш білім беру»

-0404000 «Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы»

-0405000- «Хорда дирижерлеу»


30 жылдан астам Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі қала және аудан мектептеріне мұғалімдер дайындауда.


Колледжде білім алушыларға арналған 15 оқу кабинеттері, 2 компьютер сыныптары, қазіргі заманға сай жабдықталған физика, биология, лингафон кабинеттері, оқу, мәжіліс және гимнастика залдары бар.


32 мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана студенттер мен оқытушыларға қызмет атқаруда.


Колледж тарихында ұмытылмас із қалдырған оқытушылар мен қызметкерлер де аз емес: Канаева Д.У., Кулиничева Т.Н., Токмурзин М.Т., Игенбаев Б.И., Абдрахманова А.Ж., Жумабекова Ш.Ж., Едресова М.Е., Фуст Н.А., Акжанова Г.Т., Аубакирова Р.Ш., Климовцева М.А., Кузнецова В.П., және тағы басқалары.


Оқытушылардың негізгі оқу-әдістемелік міндеті – инновациялық ақпараттық технологияларды еңгізу арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқытушылар жасаған оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, құралдармен білім беру үрдісін молайту.


Оқу үрдісін ұйымдастыруда оқу-тәрбие жүйесінің орталығы боп есептелетін пәндік-әдістемелік комиссиялардың атқаратын рөлі зор. Пәндік-әдістемелік комиссиялар жоспар бойынша кезекті отырыстарын өткізеді. Онда оқытушылардың баяндамалары, есептері тыңдалып, оқу жұмыс бағдарламалары, күнтізбелік жұмыс жоспарлары қарастырылып, шығармашылық жұмыстар көрмелері өтеді.


Оқытушылар қалалық, облыстық, аймақтық республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби сайыстарға, шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындар алады.


37 жылдық тарихында оқу орны 10 мыңнан астам бастауыш сынып, дене шынықтыру, ағылшын тілі, музыка пәні мұғалімдері мен тәрбиешілерді, мәдениет қайраткерлерін дайындады.

 

Колледж түлектері Қазақстанның, ТМД елдерінің көптеген жерлерінде қызмет атқаруда. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен мектеп, колледж басшылары, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, мәдениет қызметкерлері бар. Бірқатар түлектер «ҚР білім беру үздігі» атағын алса, енді бірі ҚР Білім және ғылым министрлігінің, аудандық, облыстық білім беру бөлімі басшыларының мадақтамаларымен марапатталған.