№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы | ![]() |
Қоғамда белең алған Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзекті тақырыптар қозғалып келеді. Түйіткілді мәселенің шешімі «АМАNAТ 111» БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ жұмыс жасайды. Кез-келген нәзік жандылар мен балалар зорлық –зомбылықты көрмеуі керек. Мемлекеттік байланыс орталығы қызметіне кез - келген келеңсіз жағдайда хабарласуға болатыны жайлы колледж студенттері мен қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ақпараттандырылды. Аталмыш қызметтің жарнамалық парақшалары Ақпараттық стендтер мен топ бұрыштарына ілінді. Ата-аналар чаты мен кураторлар чатына ақпараттық құралдар таратылды.
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарға сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысымен бекітілген) қоғамдық көліктерде, вокзалдарда, әуежайларда, адамдар көп жиналатын орындарда, кинотеатрларда, мектептерде, ауруханаларда, балабақшаларда, колледждерде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, алаңдарда және т.б. балалардың қауіпсіздігі тақырыбын жария ету іс-шарасы көзделгенін хабарлайды
Бүгінгі таңда ата-аналарға, мұғалімдерге және балаларға интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық туралы білім беруге, сондай-ақ Цифрлық сауаттылық пен ықтимал қауіптер туралы хабардарлықты нығайтуға бағытталған бейнероликтер әзірленді.
Осыған байланысты колледж студенттеріне балаларды қорғау туралы бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Бейне роликтер студенттер мен ада –аналарға қауіптің алдын алуды ұйымдастыру қызметін атқарады. Сондай ақ, ақпараттық бейне роликтер колледж залдарындағы телевизор, мультимедиялық құрылғыларынан тікелей көрсетілуі ұйымдастырылды
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/o-u-t-rbie-zh-mysy/studentter-auipsizdigi.html#sigFreeIdaaf6d4e4ba