Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Әлемде белең алып тұрған діни экстремизм мәселесі барлық елді алаңдатып отырғаны белгілі. Осы қауіптің алдын алу мақсатында мамандар мейлінше ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр соның айқын дәлелі 20 мамыр күні біздің колледжге Қостанай қаласынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын даярлау орталығының бастығы. полиция подполковнигі - Туғанов Мырзабек Сардарбекұлы арнайы іс сапармен келіп колледж жастарына «Дін және жастар: қауіпсіздік аспектілері туралы ақпарат» тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңеске 2-3 курс студенттерінен 60 адам қатысты. Жиында
Мырзабек Сардарбекұлы тақырыптық дәріс оқыды. Тәжірибеде кездескен дәлелдермен негізделген дәріс студенттердің тақырып төңірегіндегі қызығушылығын туғызды. Дін тақырыбында студенттерді мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріп, еркін пікірталас алаңын орнатты. Студенттер мейлінше толық мағұлымат алды және тақырыптың қаншалықты қауіп төндіріп тұрғандығы жайлы ой түйді. Діни сауаттылық заман талабы екенін ескерсек, аталмыш шараның студенттер үшін маңыздылығын ұғынамыз.

{gallery}it5/news/gal2{/gallery}