Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасы ММ «Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» КМҚК, 110300, Арқалық қаласы Абай даңғылы көшесі 23 үй, анықтама телефоны 8 (714 30) 7-14-62, электронды почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.
Конкурс төмендегі лауазымдар бойынша өткізіледі:
Лауазым атауы: Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік (тұрақты лауазымға)
Конкурс өткізу орны: Арқалық қаласы, Абай даңғылы көшесі 76 үй.
Конкурс өткізу күні: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары.
Бос лауазымның еңбекақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді. (А1-2-1 санаты)
Кәсіпорынның негізгі қызметі: техникалық және кәсіптік білім беру.
Лауазымдық міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымының қызметін ұйымдастырады;
- оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірлеуді жүзеге асырады;
- білім беру ұйымы жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен білім беру, үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді;
- білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі, оқу жылына педагогтердің тарификациялық тізімін әзірлейді, педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосының толтырылуын бақылайды;
- оқу процесінің сапасын, оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- білім алушыларды ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестаттауға дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады және оған қатысады, оларды басшыға ұсынады;
- педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады;
- педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;
- оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтандыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- оқытудың инновациялық технологияларын зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;
- ғылыми-әдістемелік кеңестерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
- оқу жұмысы бойынша есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын, дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру( растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
- білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, құқық, қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
немесе білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатынасуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
1. Конкурсқа қатынасу туралы өтініш, осы Қағиданың 5-нысаны бойынша
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынға электронды құжат (идентификация үшін)
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты мекенжай менбайланыс телефондары көрсетілген)
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамасымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмесі.
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлтық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10. Түйіндеме
Конкурс құжаттары 2023 жыл 21 қарашаға дейін қабылданады.
Конкурс құжаттары бойынша
Кадр бөлімінің меңгерушісі: Сейткожина Акбота Серикбаевна
8 775 967 02 88 7-14-62