Колледж қызметкерлерімен
өткізілген жиналысының
ХАТТАМАСЫ №1
Арқалық қаласы 26 шілде 2017 жыл
Төрағалық етуші: Алматова С.О.- Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры;
Жиынға қатысушылар:колледждің әкімшілік қызметкерлері, оқытушылар, кеңес мүшелері;
КҮН ТӘРТІБІ:
1.Қамқорлық Кеңесінің құрамын бекіту және мақсаты мен міндеттерін түсіндіру;
2. Уйымдастыру мәселесі: Кеңестің төрағасын тағайындау;
_______________________________________________________________________
Тыңдалды: Алматова С.О. – колледж директоры
Қамқорлық Кеңесі білім беру ұйымында алқалы орган болып табылады. Қамқорлық Кеңесін құрудың негізгі мақсаты:
- колледж білім алушыларының құқықтарының сақталуын бақылау жүргізу;
- колледждің дамуына қатысты, оның ішінде МТБ нығайту, оқу-өндірістік және тәрбие жұмыстарның сапасын қамтамасыз ету;
- жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- колледждегі қайырымдылық көмек түрінде ұйымдастырылған іс-шарадан түскен қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалайды;
- колледж қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады.
Кеңестің құрамын сайлап алу үшін мына тізім ұсынылады:
Хамзин Н.С. – Арқалық қалалық «Нұр Отан » партиясының төрағасы
Әубәкіров Т.Ғ. – Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы
Хасенов Ә.С. – Арқалық қаласы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметніің бастығы, полиция полковнигі
Сағындық Е. – заңгер, Кеңес хатшысы
Абенов Б.К. - Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі Б.Байқадамов атындағы музыка мектебінің директоры
Садыкова Р.М. – арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі «Алпамыс» балабақшасының меңгерушісі
Мәліков А.Ө. – Арқалық қаласы әкімдігі спорт бөлімінің басшысы
Қойшыман М., - ДМ-21 тобының студенті, колледждегі жастар ұйымынң президенті
Ерғалиев Т. – колледждің ата-аналар комитетінің төрағасы.
Кеңес мүшелеріне Қамқорлық Кеңестің қызметі жайлы ақпарат берілді, 2016-2017 оқу жылы барысында колледж білім алушылар арасынан әлеуметтік және материалдық көмек жөнінде арыз-шағым түскен жоқ, ашық дауыс беру арқылы Кеңес төрағасы тағайындалды.
Жиналыс шешімі:
25 тамыз 2017 жылы 2017 жылы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде №53 бұйрық негізінде Қамқорлық Кеңесі құрылды.
Кеңес мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижесінде Қамқорлық Кеңес төрағасы болып Хамзин Нұрлан Сейтжанұлы тағайындалды.
Қамқорлық кеңес Ережесі бойынша жарты жылдықта 1 рет отырыс өткізілуі тиіс.
Кеңес төрағасы: Хамзин Н.С.
Хатшы: Сағындық Е.