Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай уақытында және қасиетті рамазан айы қарсаңында, колледж ұжымы қалалық мешіт қызметкерлерінің ұсынысымен, аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созу шарапатты ісіне белсенділікпен қатысты.

Колледж оқытушыларының жаппай қол ұшын созған қаражатына азық түліктер сатып алынып қалалық мешіт қызметкерлеріне табысталды. Аманатымыз көмекке мұқтаж жандардың қолына тиетініне кәміл сенімдіміз. Ел басына күн туғанда жасаған қайырымды да сауапты  істеріңіз алдарыңыздан жақсылықпен қайтсын. Ырыс берекелі болайық!