Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің МД-11 студенті Қабдрахман Аружан.
Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері.
Əлемдегі күн сабақ жаңалықтары мен өзгерістердің болуынан бізде хабардармыз. Сол үшін де барлық жағдайға дайын болуымыз міндетті-деп саналады. Баршамызға мәлім қазіргі уақытта төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, əлем бойынша осы шараны қолға алуда. Алайда қашықтықтан оқыту бізге таңсық дүние емес. Бұған дейінде көптеген жарыстар, жобаларда қашықтықтан жүргізілген. Мұндағы ерекшелік əлемдік вирустың таралуын тоқтату.
Жалпы қашықтықтан оқытудың тиімді жəне тиімсіз жағын қарастырар болсақ, біріншіден уақытты тиімді пайдалана аламыз. Мəселен сыртқа оқуға кеткен студенттерге қолайлы болып отыр, яғни ата-анасына қолқабыс етіп те, оқуын оқып та үлгереді. Ал қалалық студенттер үшін қаражат пен күнделікті жолға кететін уақытты үнемдейді, оқу ақпаратына мүмкіндік береді.
Енді тиімсіз жағын атап өтсем, студенттер мен оқушылардың бұл мəселеге немқұрайлық танытуы; ауылдық жерлерде интернеттің болмауы; бірнеше сағат бойы теледидар мен ұялы телефонға телміріп қараудан жүйкенің бұзылуы; технологиялық құралдарды пайдалануда ережелерді сақтамау бұлардың бəрі сайып келгенде денсаулыққа кері əсерін тигізуі болып табылады.
Жалпы бұл пандемия елдегі жайтты түгел дерлік өзгертті. Барлық елді мекендерге, ауылдарға интернеттің тартылмауы; техниканы дұрыс қолдана алмайтын жасы үлкен ұстаздардың күнделікті ауруына айналған онлайн сабақ. Күнделікті қолданып жүрген желілерді неге өз мақсатымызға қолдана алмаймыз?. Осылардың барлығы бір мезетте бас ауруына айналды.
Дер кезінде шара қолданып, барлық жұмыстарды онлайн режиміне көшіру арқылы, уақытты пайдалану, тұрғындарға əлеуметтік көмек көрсету нағыз көшбасшының ерлігі. Ел басшысы айтқандай: "Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман". Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс. Ал қазіргі жағдайда сапалы білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиын түспек. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану -дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір белес, жаңа ақпарат.
Иə, үйде отырып, білім алу көп жағдайда тиімді шығар. Алайда əр нəрсе өз орнында болғаны жақсы. Сондықтанда сақтық шараларын пайдаланып, бұл қиындықты да бірге еңсерейік!!!.