Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің білім алушылары да жүйелі түрде оқуға көштік. Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, білімалушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді. Біздің оқу орнымыз наурыз айының 16-сынан бастап «EduPage» бағдарламасы мен WhatsApp желісін қолдануда. Бастапқы кезде бұл бағдарламаны қолдану біршама қиындық туғызғанымен, біз оқытушылардың түсіндіруімен тез меңгеріп алдық. EduPage бағдарламасы студенттер үшін қолайлы, бағдарламада бізге уақытылы тапсырмалар беріліп, тексеріліп, бағаларымыз қойылып отырады. Оқытушыға тапсырманы хабарламамен жіберіп, байланыс жасауымызға да толық мүмкіндік бар. Студенттер қашықтан оқи отырып ізденіс жұмыстарын жасауға дағдыланып, өз бетімен білімін шыңдауда. Біз осы бағдарламалармен оқу арқылы қандай жағдай, қай кез болса да білім алуға ешқандай кедергі жоқ екенін түсіндік. Ғылыми технологияның дамыған шағында қашықтан оқыту – заман талабы.
МД-22 тобының студенті
Ғалымқұлова Ақзат