2020 жылдың маусым айының 03 күні Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мамбетов Р.Е., оқытушы Аюбеков Р.С. Амангелді ауданына қарасты білім беру ұйымдарына барып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары аудан мектептері Амангелді орта мектебі, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп, Б.Қолдасбаев атындағы орта мектеп, А.Боранбаев атындағы орта мектеп және балалар музыка мектептерінің мектеп басшыларымен және сынып жетекшілермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу 9-11 сынып оқушыларын колледжге оқуға шақыру мақсатында өткізілді.
Нургазиева Бакытира
директордың оқу өндірістік
жұмысы жөніндегі орынбасары