Арқалық қаласындағы Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі КМҚК жаңа оқу жылын қашықтан білім беру режимінде бастайды.
Қазіргі таңда колледжде 5 мамандық (бастауыш білім беру, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, дене тәрбиесі және спорт, музыка мамандықтары ) бойынша 482 студент білім алуда. Оның ішінде музыка бөлімі бойынша 42 білім алушы жеке сабақтар бойынша штаттық режимде білім алуда. Колледжде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қамтамасыз етілген, оқу бөлмелерінде антисептиктік құралдар орнатылған, дизенфекциялық жұмыстар, кварц аппараттарын қосу жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты түрде жасалып жатыр.
Колледжде қашықтан білім беруді ұйымдастыруда EduPage білім беру платформасы қосылған. Оқу платформасына білімалушыларға дәрістер мен тапсырмаларды күнделікті сабақ кестесіне сәйкес оқытушылар жүктеп отырады. Оқу материалдары барлық студенттерге қолжетімді форматта ұсынылған. Орындаған тапсырмаларды білімалушылар сол платформада оқытушыларға жолдайды. Оқытушылар тексеріп, пікір жазып, бағалайды. Платформада жұмыс жасау нұсқаулығы https://www.youtube.com/watch?v=MJAoZaruP6A ссылка бойынша барлық білімалушыларға ұсынылған.
Қашықтан білім беруді ұйымдастыру барысында аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына өз өтініштері бойынша колледжден 22 компьютер берілді. Байланыс жоқ, шалғай ауылдарда тұратын студенттерге жатақханадан орын беріліп, санитарлық,эпидемиялық жағдайлар жасалды.
Колледж өндірістік тәжірибеден өткізу қашықтан және штаттық режимінде жалғасын табуда. Өз жұмысын штаттық режимде жүргізіп жатқан аудандық және кейбір қала мектептерінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мамандықтары бойынша өндірістік іс тәжірибеден өтуде.
Қашықтан білім беруді ұйымдастыруға барлық оқытушылар дайын. Колледж оқытушыларының 98 пайызы жазғы демалыс уақытында қашықтықтан өткізілген «IT құзіреттілікті арттыру» және «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру» бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өткен оқу жылы бойынша оқытушылар 52 бейне сабақ түсірді. Биылғы оқу жылында бұл көрсеткішті өсіру қолға алынған. Бейне сабақтарды түсіруге барлық оқытушыларға нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстар жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, онлайн семинарлар өткізілді. Алдағы уақытта оқытушылардың тәжірибелік кейс коржындарын бейне және аудио сабақтармен толықтыру қолға алынуда .
Қашықтықтан білім беру заман талабы, оны орындау әрбір оқытушының басты мақсаты. Колледж оқытушылары заман ағымымен бірге және үнемі алдыңғы қатарда болуға күш салады.