Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қазір әлем аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Індеттің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Елдегі төтенше жағдайға қарамастан сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру үдерісі өзіндік даму қарқынын тоқтатпады. Иә, түбегейлі өзгерістер болғаны рас, дегенменде ұстаздар қауымы саналы ұрпақты тәрбиелеуде тынбай еңбек етуде. Бүгінгі қоғамның көрінісінен - ақ, ұстаздық жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы екенін аңғаруға болады. Жыл сайынғы аталып өтілетін ұстаздар күнінде біздің колледжімізде қалыс қалған жоқ. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж ұжымына арналып, мерекелік кеш өтті. Мұғалімдердің білім саласындағы ұлт мүддесі үшін еткен адал еңбегіне жұмыс барысында куә болдым. Жаңа ұжым, жаңа орта болғанымен,  аз уақыт ішінде үйренісіп кеттім. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар тарапынан жас маман үшін  қолдаулар өте көп. Жоғары оқу орнынан алған білімімізді енді ғана тәжірибе жүзінде қолданып жүрген біз секілді жас маманға   жол сілтеп, өз білгенімен бөлісіп, ұстаздық жолдың қыр сырын меңгеруімізге мүмкіндік жасауда. Үштік одақ жүйесінің белсенді жұмыс жасауы, орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген  оқу бағдарламасын оқушының толық меңгеруі үшін атқарылатын жұмыстардың маңызын ұғындырған да озық білімді ұстаздар болатын. Жас маман үшін білікті мұғалімдердің берген кеңесінің рөлі орасан зор.

 

 

Колледж ұжымына алғыс айта отырып, ұстаздар күніне орай жүрек жарды тілегімді білдіргім келеді. Қадірменді Сандугаш Орекеновна және өз кәсіптерінің майталмандары болған колледж ұжымы! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамда ұстаздар қауымы қашанда ерекше орын алады. Білім мен мәдениеттің жаршысы ұлағатты ұстаздар өсер ұрпақтың тәрбие - тәліміне жауапты.

ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Ол жеткіншек ұрпаққа терең де тиянақты білім беруден басталады. Жастарымыз терең білім алумен бірге еліміздің рухани - адамгершiлiк, мәдени, ғылыми – техникалық және әлеуметтiк - экономикалық құндылықтарын дамытуға ықпал етуі тиіс. Мәңгілік елдің іргетасын қалап, Тәуелсіздік туын берік ұстауы қажет. Ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді сақтап, қазыналы қарттарымыздан алған өнегемен ұрпақтарымыздың өркені өссін.

 

 

Құрметті әріптестер! Шәкірттеріңізге берген жылулық пен тәрбиелерiңiз қашанда алдарыңыздан сәттiлiк пен алғыс ретiнде шыға берсiн. Сiздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға береке, қажырлы еңбектеріңізде шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiн.

 

Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы: Оразов Ниязбек Рамазанұлы