9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында t Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің мұғалімдері мен білімалушылар кеуде-леріне лентаны тағып, көпке үлгі болып жүр. Бұл лента жәй шүберек емес, оны аталарымыздың қан майданда төгілген қаны мен жеңіс үшін деп алға ұмтылғанда тамшылаған маңдай терінің белгісі һәм жас ұрпақтың тарихқа құрметі деп тануымыз керек.