Қала әкімі Ә.Б.Асановтың бастамасымен қолдау тапқан әр жұма сайын демалыс саябағында қала түрғындарына арналған концерттік бағдарламадан көрініс
Қала әкімі Ә.Б.Асановтың бастамасымен қолдау тапқан әр жұма сайын демалыс саябағында қала түрғындарына арналған концерттік бағдарлама мен демалу кешін ұйымдастыру қаламыздағы барлық мекемелер тарапынан қолдау тапты. Осы шараның жалғасын өткен жұма Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж ұжымы жалғастырды. Бас аяғы 40 –тан астам сазды әуен мен би, саябақта кешкі серуендеп жүрген қала тұрғындарын еріксіз баурады. Екі сағатқа ұласқан концерттік бағдарламада көрермендер өнерпаздармен бірге билеп, әуелете ән салды.Сахнадағы өнерпаз бен көрермен арасында, керемет рухани байланыс орын алды. Еркін форматта өткізілген бағдарлама, кешкі серуенге шыққан әр адамға, ерекше көңіл күй сыйлап, жағымды атмосфера қалыптастырды. Екі сағаттық бағдарлама барысындағы көз жеткізген тартымды көрініс, әрқайссымыздың санамызда бастама өте жақсы ойластырылғандығын мегзеді. Бағдарлама би кешіне ұласты. Қала тұрғындары мен қонақтар үшін ұйымдастырылған керемет бастаманың өміршең болуына тілектеспіз.