Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына арналған «Педагогтың кәсібилігі-сапалы білім мен тәрбиенің кепілі» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Бүгін  2023 жылдың 29 қарашасы күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғарғы педагогикалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен педагог және жазушы, жерлесіміз Спандияр Көбеевтің 145 жылдығына арналған «Педагогтың кәсібилігі-сапалы білім мен тәрбиенің кепілі» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Онлайн форматта өткізілген конференцияға Республикамыздың түкпір түкпірінен 14 облыстан оқытушылар мен студенттер қатысты. Алдын ала іріктеуден өткен мақалалар шараның пленаралық отырысында оқылу мәртебесіне ие болды. Олардың ішінде біздің де колледжден  Оразова Гүлхашима Куандыковнаның жетекшілігімен БМ-21 тобының студенті Мұсабек Ділназ «С. КӨБЕЕВ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ЖАНАШЫРЫ» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалады. Халық ағарту жолында өмірінің соңына дейін адал қызмет еткен жерлесіміз Спандияр Көбеевтің еңбектері кейінгі ұрпаққа үлгі етуге толық негіз бар. Жерлесіміздің ағарту жолындағы табанды қызметін насихаттау жерлестері ретінде ең бірінші біздердің міндетіміз деп блеміз. Осындай тағылымды шараның әрбір қатысушы үшін маңызы зор. Осындай ауқымды іс шарада оқытушыларымыз бен студенттеріміздің республика деңгейінде үздік деп танылып жатқанына ризашылығымзды білдіре отырып, алдағы жұмыстарына шығармашылық өрлеу, толағай табыс тілейміз.