Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

  Биылғы жыл соңы білім ордамыз үшін жағымды жаңалықтармен аяқталып жатыр. Мәселен, колледжіміз күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, жаңа оқу ғимаратына қадам бастық. Басшылық құрамыда өзгеріссіз қалмады.
16 жыл бойы колледж өмірімен біте қайнасып, оқу ісі саласына өзіндік үлес қосқан Руслан Елікбайұлы басшылық мінберінен көрінді.
Нақтырақ айтсақ,Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы
А.Ибраеваның 2023 жылғы 13-ші қарашасындағы бұйрығына сәйкес
"Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына Руслан Елікбайұлы Мамбетов тағайындалды. Осы орайда Руслан Елікбайұлы жаңа қызметіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жұмыс әрқашан қиын, әрқашан үлкен жауапкершілік пен тәжірибе, бірақ сонымен бірге бұл жаңа эмоциялар мен мүмкіндіктерге толы өмірдегі жаңа бет. Сізге бұл парақтың оңай және жағымды жазылуын тілейміз Жаңа жұмысыңызға сәттілік!