Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Айтулы күні жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды.

Осы орайда Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің БМ – 21 тобының білім алушылары «Алғыс айту» акциясы  шеңберінде  ардагер ұстаз Колдасбаева Зина Шакировнаны ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол білім саласындағы елеулі еңбегі бен жастарға үлгі болған тәлім тәрбиесі үшін,  колледжіміздің өркендеуіне қосқан - барлық қажырлы еңбектері мен тынымсыз күш-жігері үшін шын жүректен құттықтап, өз жүректерінен шыққан  өлең шумақтарын арнап, сыйлықтары мен гүл шоқтарын ұсынып, алғыстарын білдіріп қайтты.

Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын!