«Оқуға құштар ұрпақпыз»
«Оқуға құштар колледж» жобасы: мақсат айқын, жол жарқын.Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап – өмір ұстазы.
Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек». Шынымен де, кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап – алтын қазына. Кітаппен оқырмандарды қауыштыратын рухани орда – кітапхана. Ол оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебі, білімділік, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы, ақпарат, насихат орталығы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар колледж» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында
2024 жылдың 22 мамырында кітапхана оқу залында «Оқуға құштар ұрпақпыз» тақырыбында БМ-11 тобының білімалушыларымен флешмоб өткізілді. Іс шараның мақсаты: ең сүйікті кітабын жарнамалап, студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Кітапхана тек оқушыларға ғана емес, оқытушыларға да білімін жетілдіріп отыруы үшін жұмыс істейді.
Колледж кітапханашысы:
Колдасбаева Е.Д.