Арқалық қаласы полиция басқармасымен бірлескен "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы жүзеге асыру жоспарына сәйкес колледж студенттері қаламыздағы халық көп шоғырланған сауда орталықтарында «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізді. Акция мақсаты: Халықты тұрмыстық зорлық зомбылықтан хабардар етіп ақпараттандыру. Шара барысында студенттер зорлық зомбылыққа қарсылық флеш мобын жасап, қала тұрғындарына қарсылық үнпарақтарын үлестірді. Отбасында әйел де бала да бақытты өмір сүруі керек деген ұранды алға ұстаған белсенділер халықты зорлық пен зомбылыққа жол бермеуге шақырды.