Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-4 курс БМ-31, БМ-42, БМ-43 тобының білім алушыларына 2024 жылдың 02-13 желтоқсан аралығында «Диплом алды тәжірибесіне дайындық» оқу тәжірибесі өткізілуде. Тәжірибені әдіскерлер Абдилдина К.С., Оралбаева С.У., Байбосын К.К., Ақылбекова Л.Б. ұйымдастыруда.
Тәжірибе барысында білім алушылар сабақ берудің әдіс-тәсілдерімен, ата-аналар жиналысының өткізу түрлерімен, күнделікті толтыру барысымен, тәжірибенің қорытынды есебін жазумен, сынып жетекшілік кезінде өткізілетін тәрбие сағаттарының жоспарының құрылымымен таныстырылып, іс-тәжірибе барысында бір-бірімен тәжірибе алмасты.