Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

2025 жылдың 02 желтоқсан күні «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1 курс ДМ-11 тобының білім алушылары мектеп базасында өткерілген педагогикалық өндірістік тәжірибелерін ресми түрде қорытындылады. Іс-шара барысында студенттер өздерінің тәжірибе кезеңінде орындаған жұмыс есебін, күнделікті жоспарларын, өткізілген ашық сабақтарын және оқу құжаттамаларын жан-жақты таныстырып, слайдтық презентациялар арқылы қорғады.
Тәжірибені бағалау және ұйымдастыру жұмыстарын пән әдіскері Жакупова Гулим Маликовна жүргізді. Ол білім алушылардың сабақ өткізу әдістемесін, оқу процесін жоспарлау дағдыларын, педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін, сондай-ақ өндірістік ортада өзіндік кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейін сараптап, бірқатар ұсыныстар берді.
Қорғау барысында студенттер мектеп оқушыларымен жүргізген дене даярлығы сабақтарындағы әдіс-тәсілдерін, түрлі жаттығуларды ұйымдастыру тәжірибесін, оқу-тәрбие процесіндегі өз жетістіктері мен қиындықтарын бөлісіп, болашақ маман ретінде кәсіби дамуға деген ынталарын көрсетті.
Бұл шара студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби бағдарын нығайтуға және педагог ретінде қалыптасуына маңызды үлес қосты.