Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру.

 

Қайырымдылық – мұқтаж жан дарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Яғни, әрбір адам қолынан келгенше мұқтаж жандарға әрқашан көмек қолын созу керек. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбеюі көңіл қуантады.

 

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының МД-43 тобының білім алушылары қайырымдылық ізгі іс аясында Нұғанов Темірлан Нұрланұлына қолымыздан келгенше көмек көрсеттік. Темірланның жасы 18 де, мүмкіндігі шектеулі, арбаға танылған болса да, Темірланның өмірге деген қызығушылығы мен құштарлығы өте жоғары.

 

Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Әрқашан жақсылықтың жаршысы болайық!

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

Метепке дейіншгі тәрбие және оқыту мамандығының оқытушысы

Хасенова З.Р.