Назипа Құлжанова атындағы Торғай Гуманитарлық колледжінде кезекті әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңестің күн тәртібінде қаралған сұрақтар ҚР БҒМ 2021 жылдың 16 қыркүйегінде шыққан 130 бұйрығына енгізілген өзгерістерге негізделді. Сондай ақ, колледж биылғы жылы «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу тәрбие процесіне интеграциялау бойынша пилоттық жобаға енгізілгені және осы пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар күн тәртібінде қаралды.
Әдістемелік кеңес тақырыбы: «Жаңа оқу жылындағы оқыту мен оқу үдерісіне жаңаша көзқарас, жаңа бастамалар» деп алынып күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарасиырылды.
1. Жаңа оқу жылындағы оқу- әдістемелік жұмыс жоспарымен таныстыру және мақылдау; (К.Г.Едресова, директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары)
2. ПӘК жылдық жұмыс жоспарын бекіту. (ПӘК жетекшілері)
3. «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу тәрбие процесіне интеграциялау бойынша пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарымен таныстыру (К.Г.Едресова, директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары
4. «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу тәрбие процесіне интеграциялау бойынша семинар сабақ (А.Б.Мырзагалиева өзін-өзі тану пәні оқытушысы)
5. Кредитті -модулдік оқыту жүйесі бойынша оқу бағдарламасы мен күнтізбелік жоспарды құрудағы өзгерістермен таныстыру (Р.Е.Мамбетов директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары)
6. Кредитті -модулдік оқыту жүйесі бойынша оқу бағдарламасын құру жолдары мен ерекшеліктерімен тәжірибе алмасу (Н.В.Маранова музыка бөлімі ПӘК жетекшісі, Ш.Е. Каппасова пән оқытушысы).
Осы сұрақтар бойынша колледж қызметкерлері мен әкімшілік құрамы сөз алып, өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Нәтижесінде төмендегідей шешім қабылданды.
Әдістемелік кеңес шешімі:
- Қарастырылған жаңа оқу жылындағы оқу- әдістемелік және ЦМК жылдық жұмыс жоспары мақұлдансын.
- Кредитті -модулдік оқыту жүйесі бойынша оқу бағдарламасы мен күнтізбелік жоспарды құруда ұсынылған үлгі басты назарға алынсын.
- «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу тәрбие процесіне интеграциялау бойынша пилоттық жобасын жүзеге асырушы жұмысшы шығармашылық топ құрылсын және пилоттық жобаға эксперименттік топтар анықталып, бекітілсін.
- Оқу процесіндегі күнделікті және ашық сабақтардың барлығы «Өзін –өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен интеграциялану қолға алынсын.
- Осы шешімнің орындалуы директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Р.Е.Мамбетовке және директордың оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары К.Г.Едресоваға жүктелсін.