Нашақорлық - қоғам дерті ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген, шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.
Нашақорлық - наркомания ( грек тілінен narke - мелшию және mania - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады. Бүгінде Қазақстанда ресми дерек бойынша, есірткі тұтынушы ретінде тіркелген 48 000 адам есепте тұр. Алайда, ресми емес дерек көздері бойынша олардың саны 350 000-нан астам. Сондай-ақ есірткіге тәуелділердің 27%-ін 12-16 жастағылар құраса, 42%-інен астамы 17-26 жас арасындағылар, яғни, жастар.
Жастар арасында осындай мәселелердің алдын-алу үшін колледжімізде 1-2 курс білім алушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы жүргізілді. Акция барысында колледж еріктілері және «Тамаша LIFE» психологиялық үйірмесінің қатысушылары түсіндірме қағаздарын дайындап, қала тұрғындарына таратты. Сонымен қатар, орталық алаңда «Нашақорлыққа жоқ де» тақырыбында арнайы флешмоб ұйымдастырып, плакаттарымен өз ұрандарын айтты. Қала тұрғындары колледж білім алушыларына өз алғыстарын білдіріп, олар үшін бұл ақпарат пайдалы болғандығымен бөлісті. Соынмен қатар, білім алушыларымыз да акцияның нәтижесінде өздері нашақорлық жайлы пайдалы ақпарат алғандарын, болашақта мұндай зиянды әдеттерге әуестенудің нәтижесі қандай болатынын білгендері жөнінде өз ой – пікірлерін ортаға салды.