Колледж жатақханасында өткен тұңғыш елбасы күніне
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты іс шарасы
Іс-шара барысы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды. Балахмет Заманбектің орындауында «Қазақстан»әні, Қалдікерім Ақботаның орындауында «Тәуелсіздік» өлеңін мәнерлеп нақышына келтіріп орындауы ерекше көзге түсті. Игі тілектер айтылды. Жатақхана тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен ФЛЕШМОБ би ырғағы өте жоғары деңгейде орындалды.
«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы» деп Н.Назарбаев қадап айтқандай, Егемендік, Тәуелсіздік, Мәңгілік Ел ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды. Ол мемлекеттіліктің өркениет жолын ұсынды. Президенттік саяси институт енгізді. 30 жылға жуық уақытта Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесіне айналуда. Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін.
Жатақхана әрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.