Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі"мамандығының БМ-13 тобының білім алушылары Арқалық қаласы бойынша"Jas Otan" жастар төреағасы Кожахметов Данияр Қуанышұлымен сұхбаттасты.
🔺Сұхбат барысында біз көкейімізде жүрген сұрақтарға жауап алдық. Әңгіме барысы былай өрбіді: 
🔹Айым: Қайырлы күн, Данияр Қуанышұлы! Сіз Арқалық қаласының тұрғындары мен жастарына белсенді тұлға ретінде танылғансыз. Осы қасиетіңізбен, Тәуелсіздік құрдасы екеніңізді ести отыра, сізбен сұхбаттасуға келіп отырмыз. 
🔹Гаухар: Қайырлы күн, Данияр мырза!  Сіздің толық аты жөніңізбен, туған күніңіз және туып өскен өлкеңіз туралы білсек болады ма? 
Данияр Қуанышұлы: Қайырлы күн, студенттер. Сіздердей талпынысы мол, зейінді болашақ педагогтармен кездескеніме қуаныштымын! Мен  1991 жылы 8 тамызда Қостанай облысы киелі  Жангельдин ауданында туып өскенмін. 
🔹Айым: Қазіргі таңда қандай салада қызмет атқарасыз? 
Данияр Қуанышұлы: Арқалық қаласы бойынша "Jas Otan" жастар төреағасы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласының психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызымет атқарамын. 
🔹Гаухар: Сіз өзіңіз жеке тұлға ретінде  жас ұрпаққа «Тәуелсіз» деген киелі сөзді қалай жеткізер  едіңіз?  
Данияр Қуанышұлы: Өте керемет сұрақ!  Сонымен қатар мен осы сұрақ бойынша өмірімде бірнеше рет кездескен болатынмын.  Сондай жағдайларда мен студенттер мен әрі мектеп оқушыларымен осы сұрақ бойынша дөңгелек үстел және тәуелсіздіктің мағынасын тереңірек ұғындыратын ғылыми жоба жарыстарын жиі ұйымдастыратын едім. 
🔹Айым: Сіз өзіңіздің Тәуелсіздікпен құрдас болғаныңызға мақтанасыз ба? 
Данияр Қуанышұлы: әрине, екінін бірі тәуелсіздікпен құрдас бола бермейді. Менің ойымша, бұл үлкен мақтаныш. Мен Тәуелсіздікпен құрдас болғанымды мақтан тұта отырып, оны үнемі айта аламын. 
🔹Гаухар: Егер еліміз 1991 жылы Тәуелсіздікке жете алмағанда, болашағымызды қалай елестетер едіңіз? 
Данияр Қуанышұлы: егер еліміз 1991 жылы Тәуелсіздік алмасада болашақты жарқын елестетер едім. Себебі, қазақтар батыр, қайсар, қайтпас халық. Осы құндылықтын арқасында Қазақтар басқа уақыттада тәуелсіздікке жетіп, болашақ жарқын болар еді. 
🔹Гаухар: Сіздей Қазақстанның өсіп көркейуіне  өзіндік зор үлес қосқан тұлғамен  пікір алмасқанымызға өте қуаныштымыз. Өзіміздің көкейтесті сұрақтарымызға қанағаттанарлық жауап алғанымызға ризамыз. Сізге алдағы уақытта тек қана толағай табыс тілей отыра, осы ісіңізді ары қарай дамыта отырып көптеген ұлы жетістіктерге  жетуіңізге тілектеспіз!