Жыл сайын дәстүрлі түрде Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде студенттерге жыл үздіктерін анықтауға арналған колледж жастарының «Алтын кітабына» енушілерді марапаттау рәсімі жасалады. Алтын кітапқа лауреттар келесі 5 номинация бойынша іріктеледі. Олар:
- білім саласында жеткен жетістіктері үшін;
- спорт саласында жеткен жетістіктері үшін;
- мәдениет және өнер саласында жеткен жетістіктері үшін;
- жас көшбасшы;
- жас ғалым.
Үміткерлер «Алтын кітіпқа» енгізіліп, колледждің алтын жастары мәртебесіне ие болады.
Биылғы Алтын кітап иегерлерін марапаттау рәсімі Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен қатрар келді.
Бұл шараның басты мақсаты: Зияткерлік, шығармашылық, спорттық, ғылыми, өндірістік салаларда ерекше жетістіктерге қол жеткізген, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан білімалушыларды ұлықтау,құрмет көрсету студенттерді алға өсуге, дамуға ынталандыру.
Алтын жастарымызды марапаттау үшін қаламызда мәдениет, спорт,білім саласында қол жеткізген мәртебелі жетістіктері бар танымал тұлғалар шақырылды. Қаламызға танымал тұлғалардың қолынан марапат алу, марапатталушыларды одан да әрі шабыттандырды.
Кештің құрметті қонақтары:
Ыбрай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Тарих және өнер факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты Конкина Гулбаршын Спановна,
Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі жыл адамы жасөспірімдер театрының бас режиссері Салыкова Алия Елубаевна,
Қазақ күресінен спорт шебері, Бірнеше дүркін Республикалық облыстық жарыстардың жеңімпазы, «Жігер» стадионының басшысы Шалабаев Рүстем Асанханұлы
Колледж директоры Алматова Сандуғаш Орекенқызы шараға қатысып өз лебіздерін білдірді.
Ел ертеңі жастар десек, олардың бастамаларына қолдау көрсетіп, ынталандырып отыру, олардың ертеңгі үлкен жітістікке жетуіне себеп болары анық. Олай болса боламын деп тұрған бала болса неге белін бумасқа. Аталмыш шараның басты көздеген идеясы осы еді. Мәңгілік ел ұрпақтарын шабыттандыру да, табысқа жетелеу аға буын алдындағы парыз екенін ұмытпайық!.
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Оразова Гулхашима Қуандыққызы