Жаңа жылдың сыйқырлы әуені
Жаңа жылдық мерекелер топтамасы шеңберінде колледжде студенттерге арналған «Жаңа жылдың сыйқырлы әуені» жаңа жылдық әндерді сахналау байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: - Шығармашылық мәдениетке қызығушылықты арттыруға ықпал ету,білімалушылар арасында мәдени даму сапасын жақсарту, колледж студенттері арасында шығармашылық бағыт пен белсенділікті дамыту, мерекелік атмомфера қалыптастыру.
Байқауға 11 топ қатысты. Олар бір жаңа жылдық әнді (орындау ұзақтығы 5 минуттан аспайтын) сахналай отырып, ұсыну арқылы әуенді қойылым жасаудан өзара сынға түсті.
Үздік деп БМ-12 тобы анықталды. Байқаудың 2 орны МД-21, 3 орын БМ-21 топтары қанжығалады. «Үздік қойлым», «Үздік ертегі», «Үздік әуенді топ», «Таңғажайып әуен» т.б номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.