Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауында құқық қорғау органдарының қызметіндегі басым міндеттердің бірі - есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес екені көрсетілген.
Сондай-ақ, пандемия кезеңінде мүліктік қылмыстар, атап айтқанда интернет-алаяқтық санының өсуі байқалады, бұл халықтың интернет-қызметтерді алуға деген сенімін көрсетті.
Өңір аумағындағы қаржы пирамидаларының қызметін анықтау және жолын кесуге бағытталған кең ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Қылмыстың осы түрлерінің алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жария ету, халыққа алаяқтық жасаудың әдістері мен түрлері туралы, мүлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың сақтық шаралары мен тәсілдері, сондай-ақ нашақорлық пен қаржы пирамидаларының алдын алу туралы колледж студенттеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді.
ҚР «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес колледжде мәдени-бұқаралық іс шараларда, қоғамдық орындарда, интернет-ресурстарда интернет-алаяқтықтың, қаржы пирамидаларының алдын алу, есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру материалдарын тарату бойынша жұмыс жүргізілді.