Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 2020-2021 оқу жылында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1 курс білім алушылары Дуалды оқуға көшті. Әлеуметтік серіктестеріміз «Золотой ключик», «Балдырған - А» балабақшаларының меңгерушілері Турсынова Л.А., Мұқанова М.А. қолдау көрсетіп, дуалды оқытуға байланысты келісім-шартқа қол қойып, білім алушыларымыз педагогикалық тәжірибелерін осы балабақшалар да үстіміздегі 2021 жылдың қаңтар айынан бастап өтеді деп жоспарлаудамыз. Осындай, қолдау көрсететін серіктестеріміздің саны арта берсе нұр үстіне нұр болар еді.
Нургазиева Б.А.
директордың оқу өндірістік
жұмысы жөніндегі орынбасары