Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 11.12.20-14.12.20 аралығында қаламыздағы №1 Ш.Уәлиханов атындағы білім беретін орта мектептің 9-11 сыныптардың мектеп бітіруші түлектерімен онлайн форматта «Ашық есік» күні өткізілді. Ашық есік күніне 50 мектеп түлектері қатынасты.
Түлектерге колледж әдіскері Оразова Г.К., мектеп бөлімінің меңгерушісі Ахметова А.Т., мектепке дейінгі және музыка бөлімінің меңгерушісі Булекова А.Е., кадр бөлімінің меңгерушісі және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Сейткожина А.С. қатынасып колледж тарихы туралы, оқуға тапсыратын құжаттар мен емтихандар жайлы мәліметтер берілді. Қатынасушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды. Ашық есігімізге қолдау көрсеткендері үшін мектеп әкімшілігіне және сынып жетекшілерге алғысымызды білдіреміз.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары