Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«Серіктестік алыңы»  бойынша өткен «Шеберлік сынып»

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі биылғы оқу жылында 2021-2022 оқу жылында  Қостанай гуманитарлық колледжімен  «Серіктестік алаңы» бойынша «Ынтымақтастық» меморандумға отырған болатын.

Серіктестік алаңының негізгі мақсаты – білім беру мәселелері бойынша  ұзақ мерзімді байланыс орнату, бірлесе іс-шаралар ұйымдастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру негізінде 15.03.22ж Қостанай гуманитарлық колледжі мен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушылары арасында «Оқу әдістерінің көптүрлілігі болашақ мамандарды педагогикалық кәсіби іс-әрекетіне дайындаудың негізі» тақырыбында «Шеберлік сынып»  ұйымдастырылды.

«Шеберлік сыныпқа» 2 колледжден 6 білім алушылары мен әдіскерлер Хасенова З.Р., Аубакирова  Т.У., Сейполинова А.Ж.  қатынасты.

«Шеберлік сынып» төмендегі  кезеңдер бойынша  жүргізілді.

  1. Алғы сөз – Баяндама
  2. Видеороликтер көрсету «Педагогикалық кәсіби іс-әркет»
  3. Презентация «Әлемдік педагогтардың әдістеріне шолу»
  4. Миниатюра «Педагог» педагогтардың ой-пікірлерін сараптау
  5. Ойсергек Оқыту әдістері: «Джигсо» оқыту әдісі (тақырыптық дискуссия)

         Білім алушылар  «Джигсо», «Фишбоун», «Монтессори», «INSERT» әдістері бойынша топтық жұмыстар жасап, бір-бірімен тәжірибе алысты.

«Серіктестік  алаңы» бойынша  жұмысымыз  әлі де жалғасады.

 

Нургазиева Бакытира Акансериевна

директордың  оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары