Арнайы пән оқытушысы, білікті маман Ақылбекова Луиза Бекетқызының жетекшілігімен "Бастауыш білім беру" мамандығының 3-курс студенттері "Сыныптан тыс жұмыс" пәні бойынша тәжірибелік дайындықтан өтуде.
Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен мол тәжірибесінің арқасында болашақ педагогтар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауда. Практика барысында студенттер сыныптан тыс іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу дағдыларын меңгеріп, педагогикалық шеберліктерін қалыптастыруда.
Бұл тәжірибе – тек кәсіби бағыттағы білім беру ғана емес, сонымен қатар, болашақ ұстаздардың тұлғалық дамуына, ұжыммен жұмыс істеу мәдениетіне және жауапкершілігіне үлкен үлес қосуда.














