Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Оқу мотивациясын арттыру,

ата-аналарға психологтың кеңестері

 

 

  • Балаңызбен колледж бен білімнің маңыздылығын талқылаңыз. Бұл өте маңызды болып табылады. (Болашақта білімнің қаншалықты қажет екендігін ұғындырыңыз, әңгімелесу барысында балаңыздың да пікірін құрметтей отырып сөйлескеніңіз абзал)

 

  • Күн сайын балаңыздан оның онлайн сабағы күні қалай өткенін сұраңыз. Ол сізге егжей-тегжейлі айтып бергеніне көз жеткізіңіз. (Балаңыз сіздің оның оқу процесіне қызығатыныңызды және білімді болуын қалайтыныңызды түсінуі қажет)

 

  • Білу қажет: оған үй тапсырмасы немесе топта қандай да бір жоба берілген бе, жоқ па? Үй тапсырмасын орындауда онда қиыншылықтар бар-жоғын біліңіз және әрдайым көмектесуге дайын екеніңізді түсіндіріңіз.

 

  • Егер сіздің балаңызда үй тапсырмасы болмаса, олардың сабақты үйренуге, қарауға және жаттығуға кем дегенде 30 минут жұмсайтынына көз жеткізіңіз.

 

  • Балаңызбен оның жетістіктері туралы сөйлесіңіз. Азғантай жетістіктері үшін де оны мақтап, қолдау көрсетіңіз. Дұрыс емес мінез-құлқы жайлы да әңгімелесіңіз, оған олай жасау дұрыс еместігін түсіндіріңіз.

 

  • Позитивті әрекеттерді ынталандырыңыз. Назарыңызды тек оның теріс әрекеттеріне немесе жаман мінез-құлқына шоғырландырудың қажеті жоқ.

 

  • Егер ол кез-келген емтиханды немесе тестті нашар тапсырса да, балаңызға қолдау көрсетіңіз.

 

  • Ең бастысы: Балаңыздың колледждегі үлгерімі мен мінез-құлқын қадағалайтын оқытушылармен үнемі байланыста болыңыз.

 

  • Жасөспірімге нақты мақсаттар қойыңыз: біз не нәрсеге қол жеткізгіміз келеді, қандай білімге ие боламыз деген сияқты.

 

  • Барлық жұмыс (оқу) процесінде өз балаңыздың қызметінің нәтижелерін анық және уақтылы қадағалаңыз.

 

  • Ынталандыру әдістерін жасаңыз (бүкіл отбасы үшін мадақтау). Іс үшін мадақтаңыз-мотивацияны ынталандырыңыз.

 

  • Жасөспірімнің жетекші қызметі - қарым-қатынас, топтастыру, оқыту қарым-қатынас арқылы жүруі керек. Баланың оң әрекеттерін бағалаңыз, тақырып бойынша пікір сұраңыз, онымен тақырыпты талқылаңыз.

 

  • Жасөспірімнің оқу нәтижелерін басқа балалармен салыстырмаңыз, бұл баланың өз-өзіне деген сенімділігін түсіреді және өз-өзін бағалауының төмендеуіне әкеліп соғады.

 

  • Балаңызды жақсы көріңіз оған жақсы көретініңізді, оны үнемі қолдайтыныңызды жиі айтыңыз.

 

Құрметті ата-ана! Психикасы сау, өз пікірі бар жеке тұлғаны қалыптастыруда сіз бен біздің ортақ жұмысымыздың маңызы зор.

Біз сіздерге көмектесуге әрдайым дайынбыз! Қандай да бір мәселелер немесе сұрақтар болса, төмендегі байланыс телефонына хабарласуларыңызды сұраймын.

 

+7702 883 48 14

Айнұр Бақытқызы

Педагог-психолог