Жобаның атауы: «Сұлулық территориясы» Сұлулық салоны (кірпік, шаш сәндеу, тырнақ әрлеу, шугаринг қызметін меңгеру» шеберлерін оқыту мектебі.
Жоба жетекшісі топ көшбасшысы:
Бөлтірік Жансая Алмасқызы
Топ мүшелері:
Әбілқасен Арайлым Әбілқасен қызы
Марат Кәмшат Ерланқызы
Сипаттама: Қазіргі заман талаптарының бірі қашан да қай кезде де әдемі болу. Бұл мәселені әрбір әйел сұлулық салондарының қызметі арқылы шешеді.Оған жұмсайтын қаражаты да қолжетімді.Әрбір үш әйелдің біреуі міндетті түрде сұлулық салоны қызметіне жүгінетіні сөзсіз. Сондықтан да сұлулық салоны қызметі қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие, тіпті шеберлердің жетіспеушілігі де байқалады. Осы мәселені шешу мақсатында сұлулық салонында қызмет көрсететін шеберлерді дайындау қажеттілігі туындап отыр. Жоба шеңберінде қарастырылатын басым топ мүгедектігі жеңіл дәрежедегі, жұмысқа жарамды, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы, аз қамтылған отбасы мүшелері, балалары. Жоба шеңберіндегі көрсетілетін қызмет ықпалы әрбір қатысушыға өз кәсібін ашуға мүмкіндік береді. Өзін өзі жұмыспен қамту мүмкіндігі.
Жоба мақсаты: Сұлулық салоны (жоғарыда атлған) шеберлерін кәсіби біліктілікке даярлау.
Міндеттері:
- мүгедектігі жеңіл дәрежедегі, жұмысқа жарамды, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларын кәсіби шеберлікке баулу;
- жобаға қамтылған қатысушылар құрамынан талапты шеберлерді алдағы уақытта тұрақты жұмысқа шақыру мүмкіндігі қарастырылған;
- өз кәсібін бастауға ықпал жасау;
- Қаладағы жұмыссыздық деңгейін төмендету.
Жобаның бағыты: кәсіптік бағдар беру
Жобаны жүзеге асыру аумағы: Қостанай облысы, Арқалық қаласы
- Жобаның мақсатты тобы: мүгедектігі жеңіл дәрежедегі, жұмысқа жарамды, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттер мен жұмыссыз жастар.
Тамыз - Жастарға өмірлік маңызы бар дағдыларды үйреніп, жоба жасау жолдарымен танысатын төрткүндік бастапқы оқу жаттығу семинарына қатысу. Ментор-тренерлермен кездесіп, алдағы уақытта қалай жобаны жоспарлау, қаржыны бөлу, қауіптерді бағалау және оның нәтижесін бағамдауды үйрену. Онымен қоса, жастар шешім қабылдау, өздерінің бойындағы мықты жақтарын іздеп, жобаның бас аяғына дейін жасалуын қамтамасыз ету.
Мерзімі: – тамыз
Қыркүйек - Мақсатты топ мүшелерін қалалық жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз жастар тізімін алу, қалалық мүгедектер үйі әкімшілігімен кеңесе отырып, мүгедектігі төмен, жұмысқа жарамды 18-29 жас аралығындағы жастардың тізімін және байланыс телефонын алу. Жихаздарға тапсырыс беру, орнату, жұмыс бөлмесін жабдықтау.
Қазан - Кіріспе бөлімі - Тізім бойынша үйренуге ниет білдірген қатысушыларды әңгімелесуге шақыру. Қабілетін байқап көру үшін байқау сабағын өткізу. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Бақылау сабақтарын жүргізу. шаштараз, кірпік жалғау, шугаринг, тырнақ әрлеудің алғы шарттарымен таныстыру. Шеберлік сыныбын өткізу. Жұмыс кестесін құру.
Қатысушы мәртебесі: бақылаушы
қараша - Негізгі бөлім жартылай жұмысты атқаруды үйрену. - Модельмен жұмыстың алғашқы сатысын меңгеру.Қатысушы мәртебесі: практик –тәжірибиеден өтуші
Желтоқсан - Пысықтау кезеңі. Кәсіпті толық меңгеру, модельмен жұмыстың соңғы сатысынан өту.Қатысушы мәртебесі: - шебер /мастер/ деңгейін бағындыру
қаңтар - Қорытынды кезең Сынақ мерзімі. клиент қабылдау. Емтихан тапсыру. Қатысушыларға сертификаттар тапсыру.
ақпан – жобамен жұмыс қорытындысын әзірлеу. Жоба бойынша жұмыстардың шығармашылық есебін әзірлеу, қаржылық құжаттарды тапсыру.
Мақсатты топтың жоспарланған сандық қамтылуы: Оқушылар сабаққа алдын - ала бекітілген кесте бойынша қатысады. Оқу әр қызмет түрі бойынша топтық және жеке үйрету қарастырылады. Оқушы жағдайына қарай (ыңғайлы)гипки кесте қарастырылған.
Тынақ әрлеуге (маникюр- педикюр) – 8 адам ( 3 айда қамтылады), 6 айда 16 адам қамтылады.
Шаш әрлеуге - 5 адам (3 ай үйретіледі) 6 айда -10 адам қамтылады
Кірпік пен шугаринг қызметіне – 5 адам тартылады. (3 ай үйретіледі) 6 айда 10 адам
Оқуға жалпы саны 36 адам қамтылады.
Жобаны жүзеге асыру үшін: Бөлме 6 айға жалға алынады. 18 шаршы метр жерге айына 30 мың тг төленеді. Бөлмені жұмыс жасау үшін құрал жабдықтар, жұмыс істеуге қажетті жиҺаздар керек.
жұмыс барысында туындаған қажеттілікке байланысты. жұмыс барысында туындаған қажеттілікке байланысты. Қажетті жабдықтардың бағасының өсуіне байланысты.
Жоба шығындары:
Бөлмені жалға алу- 1 бөлме 6 айға х 40 мың = 240 000 тенге
шаштараз креслосы 2 х 60 000 = 120 000 тенге
айна 2 х 70 000 = 140 000 тенге
мойка 1 х 100 000 = 100 000 тенге
маникюр столы 3 х 20 000 =60 000 тенге
тырнақ кептіретін лампа 2 х 12 000 = 24 000 тенге
маникюр аппараты 2 х 18000 = 36 000 тенге
Ултрофиолетовый стелиризатор 1 х 12 000 = 12 000 тенге
Педюкюр орындығы 1 х 115 000 = 115 000 тенге
Кушетка (кірпік жасау -1, шугаринг -1) 4 х 25 000 = 100 000 тенге
Лампа для освещение(кірпікке -1, тырнаққа -2, шугаринг – 1 шт) 4 х 4000 = 16 000 тенге
Помошники (шаштараз заттары -1, кірпік, шугаринг заттарына - 1) 2 х 10 000 = 20 000 тенге
Орындық 8 х5500 44 000
Кресло для лейшмейкерам 2 х 18 000 36 000
Арестон 1 х 40 000 40 000
Итого 120 000 тенге
Шаштараз жиынтығы (гафре, тройная плойка, шаш кептіргіш, выпремитель,чипси,набор расчесок, невидимки, шпильки, бафик, шашқа арналған лак т.б ) – 100 000 тенге
Маникюр құралдары (пушер, кусачка, пилкалер, бафик,дореза,носадки, салфетки,лактар, базалар,топ, бекіткіш гелі, (укрепление),стразы, кисточки, залалсыздандыру құралдары,дизайн жасауға арналған құралдар т.б) -76 000 тенге
- Шаштараз құралдары: кресло-2, айна -2, мойка -1, помошники -2, шаштараз жиынтығы: гафре, тройная плойка, шаш кептіргіш, выпремитель,чипси,набор расчесок, невидимки, шпильки, бафик, шашқа арналған лак т.б – 510 000 тенге
- Маникюр, пеликюр жабдықтары: маникюр столы-2, тырнақ кептіргіш лампа-2, жарық түсіргіш лампа-2, маникюр аппараты-2, ультракүлгін залаласыздандырғыш -1,педикюр орындығы-1,маникюр құралдары (пушер, кусачка, пилкалер, бафик,дореза,носадки, салфетки,лактар, базалар,топ, бекіткіш гелі, (укрепление),стразы, кисточки, залалсыздандыру құралдары,дизайн жасауға арналған құралдар т.б) - 252 000 тенге
- Кірпік, шугаринг құралдары: кушетка -2, жарық түсіргіш лампа-2 – 58 000 тенге
Барлығы : 1 000 000 (бір милион ) тенге
Өз қаражатыма аламын.
Орындық 4 х 5 000 = 20 000 тенге
Пинцеты 4 х 4000 = 16 000 тенге
Кірпік пен шугаринг құралдарын (паста, желім, лейкопластер, дара жібек кірпіктер, пинцеттер, ) 100 000 тенге.
Барлығы: 136 000 (жүз отыз алты мың) тенге.
Күтілетін нәтиже:
- Сұлулық шеберлерлері қатарының өсуі;
- Кәсіби сұлулық салоны шеберлері қатарының нің қалыптасуы;
- Жабдықталған сұлулық салоны;
- Жоба көшбасшысына да оның қатысушыларына да өз кәсібін бастауға мүмкіндік;
- Қаламызда сән кәсібінің дамуына үлес қосу;
- Жұмыссыздық мәселесінің шешілуі.
Серіктестер
- Қалалық жұмыспен қамту орталығы;
- 18 жастан асқан мүгедектердің, жартылай стационер жағдайындағы күндізгі болу бөлімшесі;
- Қалалық білім бөлімінің әлеуметтік секторы.
Ақпараттық қолдау көрсетушілер
- Жастар ресурстық орталығы;
- «Арқалық хабары» қалалық апталық газеті;
- «Арқа дидары» жергілікті телеарна;
- Қалалық кәсіпкерлікті қолдау палатасы.
Жобаның жалпы құны:1 000 000 (бір милион )тенге
Жобаның тұрақтылығы: Жоба аяқталғаннан кейін қалалық кәсіпкерлікті қолдау палатасымен байланыс орнатып өз бизнес жоспарымызды құрамыз. Бизнес жоспарымызды қалалық кәсіпкерлікті қолдау бойынша субцидия немесе төмен пайызды кредит алуға әрекет етеміз. Болмаған жағдайда өз күшімізбен шағын салон ашып, жалға болса да бөлме алып, жұмысымызды жалғастырамыз.
Қоғамды ақпараттандыру: Қалалық «Арқа дидары» телеарнасына хабарландыру (по бегучий строке) беру арқылы, әлеуметтік желіде жеке парақша ашып жарнама жұмыстарын, көшелерге ақпараттық жарнамалық парақшалар ілеміз. т. б оқуға қабылдау және жоба шеңберіндегі жұмыстарды жарнамалау жұмыстарын жүргіземіз.