Жобаның атауы: «Мереке сыйлық» мүмкіндігі шектеулі, және тұрмысы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын туған күнімен құттықтауға арналған туған күн кештерін ұйымдастыру агенттігі.
Сипаттама: Мүмкіндігі шектеулі бірнеше балалар қоғамнан оқшау үйде отыр, ал аз қамтылған отбасы балалары тұмыстық жағдайдың төмендігіне байланысты өз туған күндерін мереке ретінде сезіне алмайды. Олармен жұмыс жасайтын орталықтар қызметі жеткілісіз. Жобаның басты мақсаты балаларға мереке сыйлау, өздерінің тек ата анаға емес сондай ақ қоғамға да керек екенін сезіндіру.
Жоба мақсаты: Үйде отырған мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына туған күн кешін ұйымдастыру агенттігін құру.
Міндеттері:
- бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл сыйлау;
- Қоғаммен байланысын нығайту;
- үйде отырған мүмкіндігі шектеулі балаларды көпшілік ортаға үйрету, бейімдеу, мейірім сыйлау;
- әр адамның туған күннің ерекшелігін айқындау.
Жобаның бағыты:
Мақсатты топ: 0-16 жас аралығындағы Үйде отырған мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары.
Жобаны жүзеге асыру аумағы: Қостанай облысы, Арқалық қаласы
Жобаның мақсатты тобы: Үйде отырған мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына
1.Қадам Ұйымдастыру кезеңі
Тамыз 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, жартылай стационер жағдайындағы күндізгі болу бөлімшесі;Қалалық білім бөлімінің әлеуметтік секторымен байланысып, қоғамдағы әлсіз топ мүшелерінің тізімін және байланыс телефонын алу.
Мерекеге қажетті костюмдерді тіктіру. Мереке сценариін құрып, техникалық жабдықтарға тапсырыс беру. Тамыз
2.Қадам Негізгі бөлімі
- Қыркүйек - Анниматорлар байқауын ұйымдастырып, іріктеу жұмыстарын жасау. Таспаға жазу жұмыстарын жүргізіп, дайындық шараларын ұйымдастыру. Мерекені жасайтын балалардың кестесін құру. Алғашқы тамыз қыркүйек айында туғандарды құттықтауды бастау.
- Қазан айында туылған балаларды кесте бойынша құттықтау шаралары.
- Қараша айында туылған балаларды құттықтау шаралары
3.Қадам Қорытынды бөлім
Жетоқсан Жасалынған жұмыстар туралы бейне ролик әзірлеу, қалалық «Арқа дидары» телеарнасына сюжет беру жұмыспен қала жұртшылығын таныстыру. Жоба шеңберінде жасалған жұмыстарды қорытындылау. Қорытынды кеш ұйымдастыру.
Қаңтар Жасалған жұмыстардың есебі мен құжаттарын әзірлеу.
Мақсатты топтың жоспарланған сандық қамтылуы: Ай сайын 6 мерекелік кеш ұйымдастырамыз (жеті сайын 1кейде 2 шара) х 5 (айда) = 30 баланың туған күн кешін ұйымдастырылады.
Жанама қамту: Әр шараға 6 анниматор, 10 қолдаушы топ = 16 х 30 шараға(6 айда) = 480 адам тартылады.
Жобаны жүзеге асыру үшін:
№ |
Қадамдар |
Уақыты |
қатысушылар |
жауапты |
1 |
Жобаны жүзеге асыру штабын құру; Мақсатты топ мүшелерін бекіту үшін арнайы серіктес мекемелерге барып тізімдерді алу, танысу,ақылдасу. Осы мерекеге мұқтаж отбасыларын анықтау. |
тамыз |
Жоба жетекшісі, мүшелері |
Қозыбақова Айдана Әміржан Наурызбек |
2 |
Ертегі кейіпкерлеріне арналған киімдер тіктіру; |
тамыз |
Арнайы тігіншілерді тарту |
Қозыбақова Айдана
|
3 |
Ертегілік қойылымға, спец-эффектіге,дыбыстау, запись т.б. қызметтерге сұраныс жасау; |
тамыз |
Жобаны жүзеге асырушы топ |
Әміржан Наурызбек Тоқайұлы Нұрболат |
4 |
«Толағай» жас аниматорларды іріктеуге арналған кастинг; |
қыркүйек |
Колледж студенттері қатарынан тартылған волонтерлер |
Қозыбақова Айдана Әміржан Наурызбек |
5 |
Мүмкіндігі шектеулі балалардың туған күніне арналған «Мереке сыйлық»бағдарламасын қою /Қыркүйек –қазан айларында туған балаларды қамту/. |
қазан
|
Мақсатты топқа кірген (туған күн иелері болып табылатын) 30 бала. |
Қозыбақова Айдана Әміржан Наурызбек Тоқайұлы Нұрболат |
6 |
«Мереке сыйлық» бағдарламасы қараша айында туған балаларды құттықтайды |
қараша |
Мақсатты топқа кірген (туған күн иелері болып табылатын) 30 бала. |
Қозыбақова Айдана Әміржан Наурызбек Тоқайұлы Нұрболат |
7. |
«Мереке сыйлық» бағдарламасы желтоқсан айында туған балаларды құттықтайды |
желтоқсан |
Мақсатты топқа кірген (туған күн иелері болып табылатын) 30 бала. |
Қозыбақова Айдана Әміржан Наурызбек Тоқайұлы Нұрболат |
8. |
мақсатты топ балалары үшін жаңа жылдық ертеңгілік. |
желтоқсан |
Мақсатты топқа кірген (туған күн иелері болып табылатын) 30 бала. |
Қозыбақова Айдана Әміржан Наурызбек Тоқайұлы Нұрболат |
9. |
«Мереке сыйлық» бағдарламасы қаңтар айында туған балаларды құттықтайды |
қаңтар |
Мақсатты топқа кірген (туған күн иелері болып табылатын) 30 бала. |
Қозыбақова Айдана Әміржан Наурызбек Тоқайұлы Нұрболат |
10. |
Жоба бойынша жұмыстың шығармашылық есебін дайындау |
қаңтар |
Жоба ұйымдастырушылары |
Қозыбақова Айдана Әміржан Наурызбек Тоқайұлы Нұрболат |
Жоба шығындары:
- Кеңсе тауарлары: (фотобумага, стикер, скоч, лента, сыйлық орамалары, маркерлер мен кеңсе қағазы, степлер т.б) - 10 000тг
- Техникалық құралдар: колонка- 1, буфер- 1, микрафон-2, флеш карта-1, карта памяти- 1, спец эфеккт құралы: сабын көпіршіктері,жарық құралдары.бластера. - 40 000 тг
- Мереке кейіпкерлерінің костюмдері грим: ( Панда, Тэди – 100 000 тг
Барлығы : 150 000 (жүз елу мың ) тенге
Күтілетін нәтиже:
- Мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына тегін «Мереке сыйлық» қызметі көрсетіледі;
- Туған күн иесіне тосын сый;
- Отбасына мүшелерінің ризашылығы;
- Туған күні кештерін ұйымдастыру агенттігі құрылады;
- Аниматорлар мектебі қалыптасады;
Серіктестер
- Қалалық жұмыспен қамту орталығы;
- 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, жартылай стационер жағдайындағы күндізгі болу бөлімшесі;
- Қалалық білім бөлімінің әлеуметтік секторы.
Ақпараттық қолдау көрсетушілер
- Жастар ресурстық орталығы;
- «Арқалық хабары» қалалық апталық газеті;
- «Арқа дидары» жергілікті телеарна;
- Қалалық кәсіпкерлікті қолдау палатасы.
Жобаның жалпы құны:150 000 (жүз елу мың )тенге
Жобаның тұрақтылығы: Жоба аяқталғаннан кейін қалалық кәсіпкерлікті қолдау палатасымен байланыс орнатып өз бизнес жоспарымызды құрамыз. Бизнес жоспарымыздың қалалық кәсіпкерлікті қолдау бойынша субцидия немесе төмен пайызды кредит ұтып алуына әрекет етеміз. Болмаған жағдайда өз күшімізбенен жұмысымызды жалғастырамыз. Демеушілер іздейміз. Мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балаларын туған күнімен тегін құттықтауды жалғастырамыз.
Қоғамды ақпараттандыру: Қалалық «Арқа дидары» телеарнасына жасалынып жатқан жұмыстар туралы бейне сюжет беру арқылы, әлеуметтік желіде жеке парақша ашып жарнама жұмыстарын, жасаймыз.Келешекте жұмыспен қамту мүмкіндігімен, қоғамды ақпараттандыру жұмыстарына Волонтерлер тартамыз. Көшелерге ақпараттық жарнамалық парақшалар ілеміз. т. б шаралар ұйымдастыру арқылы жұмысымызды қоғамға таныстырамыз, жеткіземіз.