Көктем – күллі адамзат үшін сезімнің, шуақтың, шабыттың, яғни махаббаттың символы іспетті. Адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, армандардың қасиетті киесі – махаббат. Сондықтан да бар адамзат үмітіне өмір берер, сеніміне шуақ себер – қасиетті сөз махаббат. 18 мың ғаламды жаратқан Алла Тағала Адам ата мен Хауа ананы да жаратқан деседі. Осы заманға дейін өмір сүріп отырған біздер, сол екі адамзат баласының ұрпағы саналамыз. Бұл ғажайып сезімді бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы ғашықтар мерекесінің сәуір айының 15-інде өтуінің өзі – бұл кез көктем мезгілінің бел ортасы. Сезім мерекесінің қажеттілігі сол, кеудесінде жұлқынған жұдырықтай жүрегі бар адам – сезімін махаббат арқылы мойындайды.Атаулы мерекеге орай жатақханамызда
«Махаббат мәңгі ертегі» атты тақырыпта байқау өтті. Мақсаты – ұлттық нақышта жастарды тәрбиелеу, әрі салт-дәстүрімізді жаңғырту. Шара аясында студенттер өнерлдерін ортаға салып, ұлттық негізде арнайы ойындар ойнатылып, мәңгілік махаббат турасында әндер шырқалып, билер биленіп, қазақтың қара домбырасында күйлер шертілді. Жастардың аса белсенділік танытқан тұсы ұлттық нақыштағы, жаңаша сарындағы ойындар болды. Ұлықты ұлдарымыз бен қылықты қыздарымыздың тапқырлығын сынайтын «Ұйқыашар мен Селтеткізер» ,«Жұлдыздарға пародия», білімділіктерін байқатқан «Махаббат символдары» секілді ойындар ойнатылды. Мерекелік іс-шара «Қозы Көрпеш – Баян сұлу күніне» 3 жұп қатысты. 2-қабат атынан Алмат пен Ділназ, 3-қабат атынан Абай мен Айжан, 5-қабат атынан Нұрасыл мен Гүлім қатысты. Жарыс үш кезеңнен өтті. Байқаудың әділ бағасын беретін әділ қазыларымыз сайланды. Жатақхана президенті Сейтбекұлы Рахат, Бастауыш гимназия мұғалімі Дауылбаева Нұрдана, АрПИ студенті Нағашыбай Жоламан сайланды. Жұптарымыз бар шамаларынша жоғары деңгейде дайындықпен өнерлерін көрсетті.Атап айтсақ, үш жұптың «Таныстыру» кезеңінде әнмен орындаулары, Алмат пен Ділназдың «Жұлдыздарға пародия» кезеңінде тартымды орындағандары, Абай мен Айжанның «Өнер көрсету» кезеңінде жанды дауыста орындаған папуриі, Нұрасыл мен Гүлімнің барлық үш кезеңді салт дәстүрді көрсету мақсатында орындағандары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Әділ қазыларымыз кеш қортындысын жасап, 1орын: 5-қабат атынан Нұрасыл мен Гүлім, 2 орын: 3-қабат атынан Абай мен Айжан, 3 орын: 2-қабат атынан Алмат пен Ділназ иеленді. Жеңімпаздарымыз мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу мазары қос ғашықтың адал махаббатының дәлелі іспеттес күні бүгінге дейін сақталып келе жатқанын тілге тие кеткен жөн. Ия, керемет хикая екені рас. Сол себепті де 15 сәуірді «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні» деп бекер атамаған болу керек.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/zhatahana-omiri/1134-n-lzhanova-atynda-y-tor-aj-gumanitarly-kolledzh-zhata-khanasynda-15-s-uir-ashy-tar-k-nine-oraj-jymdastyryl-an-makhabbat-m-gi-ertegi-atty-kesh.html#sigFreeIdba55163554
Кешті ұйымдастырған тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.