Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жатақхана студенттері Ұстаздар мерекесіне орай жыл сайынғы дәстүрмен колледж оқытушылары мен жатақхана тәрбиешілеріне арнап «Ұстазым менің, ұстазым» тақырыбымен мерекелік концерт өткізді.


Ұйымшылдықпен жұмылған білім алушылар сүйікті ұстаздары үшін аянып қалмады. Әркім өз өнерлерін ортаға салды. «Бастауыш білім беру» мамандығының І курс студенті А.Жетпісбай өз жанынан шығарған жыр шумақтарын арнаса, қыздар құрамасы мерекені бимен безендірді. Әуелей төгілген әсем ән мен күй де аз болған жоқ. Кеш соңында топ жетекшілеріне арнаған сыйлықтарын үлестірді.