Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жаңа оқу жылынан жатақханаға  студент қабылданды.Жатақханаға  келген  күні  студенттерге тәртіп ережелерімен  таныстырылады. Әр бөлмедегі мүліктерді дұрыс ұстау, тазалық, ұқыптылық  жайында  мағұлматтар айтылады. Әр қабаттың  басшылары  сайланады, студенттер кеңесінің  мүшелері, тазалық секторлары, мәдениет секторлары  тағайындалады. Жұмыс  жоспарларымен таныстырылады.


Осы уақытқа дейн өткен жатақхана жұмыстары төмендегідей:


Қыркүйек  айында  «Қош келдіңіздер» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
                                                     


Іс-шараның негізгі мақсаты:
 1курс студенттерімен жақын танысу,студенттердің бір-біріне деген сүйспеншіліктерін, сезімдерін ояту. Үлкенге деген сый құрметтерін қалыптастыру .Ұйымшылдыққа, кішіпейілділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 


Қазан  айында «Жырлаймын ұстаз өзіңді» атты  ұстаздар мерекесіне  арналған  іс-шара өткізілді.


Іс-шараның  негізгі  мақсаты:
  Ұстазға  деген  құрметтерін нығайту.Үлкенге деген сый құрметтерін қалыптастыру. Кішіпейілділікке, еңбекқорлыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.  Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық. Нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. 


Қазан  айында «Жатақхана жігіттері» атты   мерекелік  іс-шара өткізілді.


Іс-шараның негізгі мақсаты:
  студенттердің бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін, қимастық  сезімдерінояту.Үлкенге деген сый құрметтерін қалыптастыру. Адалдыққа,кішіпейілділікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Қараша  айында  «Пародист- коктейль» атты    іс-шара өткізілді.

 

 

 

 

 

 

Іс-шараның негізгі мақсаты: Студенттердің  ынтасын,жан-жақтылығын байқау.  Адалдыққа,кішіпейілділікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Мерекеге әр қабаттың студенттері өздерінің қызықты да,тардымды дайындықтарымен келді.Олай болса, кешіміздің тақырыбын «Пародист-коктейль»  Сайыстың шарты әр қабаттың студенттері өздерін пародия арқылы көрсетеді. 1-ші кезең, Қазақстан кино жұлдыздарына пародия көрсетсе, 2-ші кезеңде Қазақстан және  шетел эстрада жұлдыздарына пародия жасайды.Әннің сөзіне, әуеніне, мағынасына, іс-қимыл ұқсастығына, киіміне және өздерінің қолдан жасаған аспаптары мен киімдеріне назар аудару.

Желтоқсан айында «Төрлет,2016 жыл» атты    іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Студенттердің мерекелік көңіл күйлерінің жақсы  болуларын  қадағалау. Достыққа,жолдастыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.