Қыркүйек айының алғашқы аптасында жатақханада І курс студенттерін жатақханаға қабылдау шарасы болып өтті. «Бастауыш білім беру» студенттері А.Ембергенова, А.Ерболат, А. Бабағұлов жүргізушілік етті. «Мектепке дейінгі тәрбме және оқыту» мамандығының студенттері мың бұрала билесе, «Саз» бөлімінің студенттері күйден тарту жасады. Жоғарғы курс студенттері ән мен биден шашу шашып, соңдарынан ерген замандастарына білім жолында оң сапар тіледі.