Ойынның мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Іс-шараға жатақхана студенттері атсалысты. Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған әдеби кешіміз керемет жырлармен басталды. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүл-дүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.
Келесі кезекте ақын жайында білімдерін ортаға салу мақсатымен ұйымдастырылған «Ғажайып алаң» ойынының реті түсіндірілді. Бұл ойын 3 турдан тұрды, осы турдан жеңіп шыққан 3 қатысушы финалға шықды. Жеңімпаз БМ-11 тобының студенті Мақсұтбек Қорғанбек атанды. Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген тілек айтқым келеді. Басты мақсат-Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастарға кеңінен насихаттау.
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақханасының тәрбиешісі Ж.Х.Бирмаканова