Оқу уақыты таяған сайын студенттер сүйікті оқу орындарына ағыла бастайды. Бірі - жаңадан жоғарғы оқу орнының табалдырығын аттап жатса, енді біреулері оқуларын қайта жалғастырады. Туған жерінен жырақ кетіп білім алатындары да бар. Мұндайда тұрғылықты жерге байланысты қиындықтар туындайтыны рас. Десе де қазіргі көп жоғарғы оқу орындары студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеді. Әсіресе І курс студенттеріне жатақхана көбіне жеңілдекпен беріледі. Студенттің тұрақты жайына айналатын мекеннің қызықтары да жоқ емес. Студенттік өмірдің қызықты шақтарының бірі жатақханада өтеді. Себебі, мұнда өмірлік ұстанымыңды қалыптастырып, нағыз дос, сырлас бауыр, тіпті өмірлік серігіңді табуыңыз да мүмкін. Жастардың басын біріктіретін жатақхананың өзіндік ережелері мен заңдары да бар. Ал біз «жазылмаған» заңдары туралы айта кеткенді жөн санап отырмыз. Қазіргі елде болып жатқан эпид ахуалға байланысты тәртіптер күшейтіліп, қатая түсті. Солардың маңыздысы бетпердемен жүру, ара қашықтықты сақтау, жеке гигенаны тәртібін ұстану, қолды антисептикалық құралдармен залалсыздандыру керектігі ескертілді. Әр өтілетін іс шара ара қашықтықты сақтап өтілетіні айтылды.
Жатақхана тәрбиешісі Бирмаканова Ж.