Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

   Іс шараға шақырылған қонақтар: Колледж оқытушылары Муз бөлімінің оқытушылары Ерлан Асқарұлы, Ақмарал Бауыржанқызы, бұрынғы жатақхана меңгерушісі Юля Леонтевна және бітіріп кеткен студенттеріміз  жас мамандарымыз келіп ерекше кеш өтті. Бітіруші түлектеріміз қыймастық өнерлерін көрсетіп, жатақханаға деген сүйіспеншіліктерін әнмен, бимен, өз туындыларын оқып жүректі тебірентті. 4 жыл бойы іс шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқан түлектеріміз марапатталды. Олар: Балахмет Заманбек, Мырзахмет Ералхан, Қуанышбеков Рахат, Тілешбек Перизат, Сәлімжан Мадина, Бейсен Айым, Едігенова Гүлзат, Батырбекова Әсем. Бітіруші түлектер алтын ұя жатақханаларына естелік сыйлықтарын табыстады. Қонақ боп келген жас мамандарымыз да қалыс қалмады, өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, 1 курс студенттеріне жатақхананың ыстық екенін сөздерімен жеткізді. Түрлі әндер, билер орындалды. АрГПИ студенті Төлеу Раушангүлдің ағылшын тілінде орындалған әні керемет көңіл күй сыйлады. Кеш соңында түлегіміз Балахмет Заманбектің «Қиймай тұрмын» әні ерекше толқытты. Сөзімді қортындылай келе бітіруші түлектерге қанаттарың талмай өмірлерің мәнді де сәнді болсын деп аяқтағым келеді.

 

Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.