ХХ ғасырда қазақ халқының басынан кешірген ең бір зұлмат жаппай саяси қуғын - сүргін мен 1920-1930 жылдардағы ашаршылық екені даусыз.
Сталиндік қуғын-сүргінге сол кездегі саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызуға болады.
Жалпы бұл кезеңдер ел басына туған ең қиын қыстау кезеңдер болып тарихта жазылған.
Елде тәуелсіз алғаннан кейін сол саяси қуғын-сүргіннің атын ақтау үшін көптеген жұмыстар жүргізілген. Мәселен, 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы » Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Ал 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Осы атаулы күнге арнап Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж кітапханасында «Зұлмат жылдар ұмытылмайды» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға БМ13 тобының білімалушылары қатысты.
Мақсаты: Азаттық жолында және ашаршылық қасіретінен, құрбан болған бабаларымызды еске алу, рухына тағзым ету. Өнегелі іс арқылы өскелең ұрпақтың санасына отансүйгіштік, елжандылық һәм ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру саналы ұрпақтың борышы.
Мухамбеджанова А.
Колледж ктапханашысы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/5651651/1155-z-lmat-zhyldar-mytylmajdy-2.html#sigFreeId49e470e0e8