Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

 

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздер.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

ҚР-ның Әнұраны шырқалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні болып жарияланды.

Осы атаулы мерекеге орай Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға БМ13 тобының білімалушылары қатысты.

Іс-шарада  рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктер берілді.

Білімалушылар Отан, Туған жер туралы өз ойларын ортаға салып, мақал-мәтелдерді жатқа айтты.

Отан – жерім, Отан - суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

 

                                               Колдасбаева Е.

                                               Мухамеджанова А.

                                               Кітапхана қызметкерлері