Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақханасының «Кітап-асыл қазынам» атты 1 курс студенттерімен Арқалық қаласы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына саяхат жайында

 

Кітап оқу – өмірді, ол туралы түсінігіңді өздігінше терең әрі жан-жақты кеңейту өнері. Кітап оқыған сайын адамның өз ұстанымдарының негізі қалыптаса бастайды. Айтар ой-пікірі бар адам – бүгінгі таңда ең құнды тұлға.  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы жарияланғаны белгілі. Мақалада негізгі алға қойылған мақсат – қоғамымыздың рухани дамуын жаңғырту. Осы мақала аясында колледж студенттері,тәрбиеші Ж.Х.Бирмаканова және колледжіміздің кітапхана басшысы Е.Д.Колдасбаева жетекшілік етуімен облыстық әмбебеп кітапханаға саяхат жасап қайтты.  Саяхат барысында есіктен кіре берістен қарсы алған абонемент меңгерушісі Абаканова Назира Нурсултановна кітапхана жайлы толық мағұлмат берді. Өнер секторының меңгерушісі Әлия Әубәкірова студенттерміздің  кітапқа деген қызығушылығын арттыра түсті. Ұлтымыздың өтіп кеткен, өшіп бара жатқан әндері, эпостық жырларының жинақтарымен және ұмытыла бастаған әндеріміздің қоры жинақталған әрбір оқулықты жіті таныстырып өтті.

Сондай-ақ, Қабанбай батыр жырларынан да тыңдап қайтты. Білім алушылар өздеріне қажет оқулықтарды алып, ойларымен де бөлісіп, ұйымдастырушы Әлия Қарсақбайқызына ықыластырын білдірді. Оқу залының меңгерушісі Ләззат Баяхметовна әлемдік тарих және Қазақстан тарихы туралы, заң ғылымдары мен мемлекеттік құқық, макро және микроэкономика, ақпараттық технология, әдебиеттану педагогикасы, фольклорлық т.б. оқырмандардардың көп сұранысына бай әр сала бойынша әдебиеттер жинақталғанын атап өтті.

Сонымен қатар жыл сайын 20 –дан астам атаулы мерзімді басылымдарды жаздырып алып, оқырмандарға шолу жасайды. Түрлі тақырыптарда кездесу кештері, тұсаукесерлер, зияткерлік сайыстар өтіледі.Электронды каталог жайында библиограф Сейтқожина Гүльнар Кенжегазиевна кітапханалық сабақ өткізді.Саяхат соңында естелік суретке түсіп, керемет көңіл-күймен, рухани тұрғыда демалып тарқасты. Рухымызды көтеріп, руханилық жағына тереңірек үңіле жүрейік.

 

 

Бирмаканова Жанар Хамитқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай

гуманитарлық колледж

жатақханасының  тәрбиешісі

Арқалық қаласы