«Алтын қақпа»
Қарашаның 26 жұлдызы күні 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай колледжіміздің кітапханашылары Колдасбаева Е.Д, Мухамеджанова А.К. ұйымдастыруымен «Алтын қақпа» интеллектуалдық-танымдық сайысы өтті. Бұл сайысқа БМ-12 «Тәуелсіздік тобы » және БМ-22 «Президент тобы» білім алушылары катысты.
Сайыстың мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру,Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1- Тас қақпа, 2- Күміс қақпа, 3- Алтын қақпа. Білім алушыларға әр қақпаның сұрағынан жауап алу арқылы келесі қақпа есігі ашылып отырды. Сайыс соңында әділқазылар алқасы Булекова А.Е, Уахитова А.А шешімі бойынша әр қақпа сұрақтарына мүдірмей жауап беріп, жоғары ұпай алған БМ-12 «Тәуелсіздік тобы» бірінші орынға иеленсе БМ-22 «Президент тобы» екінші орынды иеленді.
Колледж кітапханашысы
Мухамеджанова А.К.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/5651651/870-altyn-a-pa.html#sigFreeIdbc40e26af6