Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлық жоспары шеңберінде 30 мамыр күні колледжде БМ-12 тобына ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты топ жетекшісі Халыкова Гаухар Алтаевна өткізді. Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде «Проблемаға жол бермеу және оны болдырмау», «Балалар тәрбиесі үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы» тақырыптарында бейне роликтер көрсетіліп талқыланды. Жиналыс барысында ата-аналардың пікірі тыңдалып жоғарыдағы мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Ата аналар жиналысына колледж психологы Нуркенова Гулмира Дауылбайқызы қатысып, «Тәуелділік дегеніміз не? Ол неден пайда болады?» тақырыбында ақпарат пен бейне роликтер ұсынды. Ата аналарға кеңестер берілді. Жиналыс барысында студенттердің білім деңгейі мен сабақ үлгерімі және тәртібі туралы топ жетекшісі мәлімдеме жасады. Жиынның соңында ата-аналарды ұйымшылдыққа шақыратын ойындар мен тернигтік жаттығулар өткізілді.